You are currently viewing Біз сіздермен біргеміз сәбилерге арналған арнаулы пакет

Біз сіздермен біргеміз сәбилерге арналған арнаулы пакет

Жоба мақсаты: Мерзімінен бұрын босану күтпеген сәтте болатындықтан ата-аналар бұл жағдайға дайын болмайды. Бұл жағдайда ата-ана күйзеліс пен уайымдаудан бөлек дәрі-дәрмек алу, сәбиді оңалту үшін қаржылық шығынға ұшырайды. Осы жоба арқылы сәбиі шала туылған әрбір отбасыға алғашқы кезеңге қажет заттар, пайдалы әдебиеттер, кеңестер, ұсыныстар, сәбиі мерзімінен бұрын дүниеге келген басқа ата-аналардың басынан өткерген жағдайымен бөлісу арқылы көмектесуге тырысамыз.

Жоба қалай іске асады: Ассоциация өкілдерінен, еріктілерден көмек қажеттілігі жайлы ақпарат алғаннан кейін ол ақпараттың шынайылығы, өзектілігі тексеріледі, еріктілер немесе сол қаладағы өкілдер арқылы жөнелту үшін мұқтаж отбасымен байланыс орнатылады. Мұқтаж отбасыларды қосымша шығынға ұшыратпас үшін жеткізу ақысын қор өз мойнына алады.

Пакетке не салынады: алғашқы кезеңге өте қажет заттар, мәселен, екі жаялық (қалың, жұқа), бірреттік төсеніш, ылғал салфетка, бас киім, шұлық, комбинезон не болмаса киім комлектісі. Сонымен қатар топтамаға ата-аналар үшін пайдалы ақпарат беретін полиграфиялық өнімдер де кіреді.

Leave a Reply