“BEKZAT” шала туған сәбилерге көмек қоры 2020 жылдың шілде айында шала туған сәбидің әкесі ретінде түрлі проблемаларға кезігіп, оларды мүмкіндігінше шеше білген азаматтың Қазақстандағы шала туған сәбилерге көмектесу мақсатында құрған коммерциялық емес ұйымы.
Шала туған сәбилерге және олардың ата-аналарына берілетін көмек жүйелі және тиімді болу үшін бар мүмкіндікті жұмылдыру мақсатында құрылған Қазақстандағы алғашқы қор. Мерзімінен бұрын босану проблемасы тек медииналық емес әлеуметтік проблема да болып саналады.