Аз салмақпен (2500 г.төмен) дүниеге келген нәресте күтімі қымбат және медқызметкерден жоғары біліктілікті, техникалық қолдауды талап етеді. «Кенгру» әдісі дәстүрлі аз салмақпен туған сәби күтіміне балама ретінде ұсынылған. «Кенгру» әдісінің басты компоненті ана мен нәрестенің «терісі мен терісінің» жанасуы болып саналады. Мұнан өзге «Кенгру» әдісінің екі маңызды компоненті – тек ана сүтімен қоректендіру және перзентханадан ерте шығаруға талпыну.