Біз ата-аналарға шала туған нәрестелерді күту кезінде ақпараттық, психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ басқа отбасылардың осындай жағдайдағы қиындықты шешу жолдарын білуі қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.

Мерзімінен бұрын босану

37 аптаға дейін басталған босану мерзімінен бұрын босану  саналады.Қауіп факторлары ретінде ұрық қабықшасының мерзімінен бұрын жарылуы, жатыр жарақаты, инфекциялар, жатыр мойнының жарамсыздығы, мерзімінен бұрын босану, көпұрықты жүктілік, ұрық пен плаценттің аномалиясы. Диагноз клиникалық мәліметтерге сүйене отырып жасалады. Мүмкіндікке қарай себептері анықталып, оларды жою жұмыстары жүргізіледі.

 

Мерзімінен бұрын босануға себеп болатын жайттар:

  • ұрық қабығының мерзімінен бұрын жарылуы;
  • хориоамнионит;
  • басқа да құрсақішілік инфекциялар (көбіне В тобындағы стрептокок себебінен);
  • көпұрықты жүктілік;
  • ұрық пен плаценттің аномалиясы;
  • жатыр патологиясы;
  • Пиелонефрит;
  • жыныстық қатынас арқылы жұғатын кейбір аурулар.

Себебі айқын болмауы мүмкін. Бұған дейінгі мерзімінен бұрын босану, истмико-цервикальды жетіспеушілік қауіпті молайтады. Мерзімінен бұрын босану нәрестенің қарынша ішіне қан құйылу, ал ол неврологиялық, психикалық дамуға ( мәселен, церебральды паралич) кесірін тигізуі мүмкін.

 

Қандай нәресте шала туған саналады?

Жүктіліктің 22-37 аптасында салмағы 2,5 килограмнан аз болып туылған нәресте шала туған нәресте саналады.

Егер сәби жүктіліктің 28-аптасына дейін, 500-1000 г.салмақпен туылса, бұл экстремальды төмен саналады. Ал сәби жүктіліктің 31-аптасына дейін 1 кг-нан 1,5 кг-ға дейінгі салмақпен дүниеге келсе, мұнда сәбилер өте аз салмақты сәбилер қатарына жатады. Ал сәби  жүктіліктің 31 аптасына дейін 1500 г.нан 2500 г.ға дейін туылса, бұл сәби аз салмақты сәби саналады.

Организмнің негізгі жүйесі – тыныс алу, жүрек-тамыр және дене температурасын сақтау  шала туған сәбиде өз мерзімінде дүниеге келген нәрестеге қарағанда ұзақ дамиды. Сондықтан да мұндай сәбиді дүниеге келе сала кювезге орналастырады. Мерзімінен бұрын туылған сәби дем ала, тамақтана алмаса да, өмір сүріп кете алады. Медицина ата-аналарға үміт сыйлап, сәбиге көмектеседі.

Шала туған сәби арнайы күтімді , дәрігердің бақылауын қажет етеді. Мерзіміне жетіп, бірақ аз салмақпен туылған нәресте құрсақішілік дамуы бар сәби саналады.

Мерзімінен бұрын туылған сәбиге қалай күтім жасайды?

Ең алдымен нәрестені тасымалданатын инкубаторға салып, ИВЛ аппаратына қосады. Содан кейін реанимаия бөліміне орналастырады, ол жерде сәби неонатологтар, реаниматологтар, неврологтар және неонатальды медқызметкерлер қарауында болады.

 

Нәрестені кювезге салып, оның өкпесіне вентилиция жасап, фототерапия лампасы қосылады. Реанимация медиктері сәби ана құрсағында жатқандай жағдай жасайды, яғни, кювезді арнайы жамылғымен жауып, сырттан бөгде дыбыстардың естілмеуін, жарық түспеуін қадағалайды.

Шала туған сәбилердің ата-аналары нендей жағдайға дайын болуы керек?

Біріншіден, сәби денсаулығы мен дамуын үнемі қадағалауда ұстауы қажет. Әрбір жаңа туған нәресте қамқорлықты талап ететіні рас, ал мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилер жіті қадағалауды қажет етеді. Яғни, олар дүниеге келгеннен бастап бірнеше жыл дәрігерлердің қадағалауында болуы керек. Дәрігерлер ата-аналарға сәби душар болуы мүмкін жағдайды алдын ала ескертеді. Шала туған сәби тыныс алу жүйесі, нерв жүйесі, көру және есту қабілетінің бұзылуы, балалар сал ауруы, гидроцефальды және құрысу синдромы, астигматизм, глаукома сынды кеселмен бетпе-бет келуі мүмкін. Сондай-ақ, нәрестеде бауыр функциясының дұрыс жұмыс жасамауынан сарғаю және сәбидің дүниеге мерзімінен ерте келуіне байланысты басқа да қиындықтар болуы мүмкін. 

Бұл шала туған сәбилердің барлығының денсаулығында кінәрат болады деген сөз емес, алайда педиатр, кардиолог, невролог, офтальмолог және өзге де мамандар бақылауында болуы маңызды. Мұнан өзге босанған әйел перзентханадан үйге нәрестесіз шығуға, перзентханадағы нәрестесіне белгіленген уақытта келуге, омырау сүтін сығып әкелуге дайын болуы керек. Осы кезеңде босанған әйелге қолдау қажет. Мұндай жағдайда әйел жалғыздық, көңілі қалу, қайғыға бату, уайымдау, ашу, шарасыздық, өзін кінәлау, үрейлену, қауіптену секілді сезімдерге ерік береді. Босану жағдайы өзі армандағандай болмағандықтан, үйге палаталас көрші әйел сәбиімен, ал өзі сәбиін реанимацияға тастап шығып бара жатқандықтан жас босанған әйел өзін нашар сезінеді. Бұл сезім мұндай жағдайда қалыпты саналады және оны әрбір ата-ана басынан өткеруі мүмкін.

Нәрестеге үйде қалай күтім жасау керек?

Алғашқы айда нәресте көп ұйықтайды. Мерзімінен бұрын туған нәрестелердің көбісі салмақты ұйықтап жатқанда жинайтындықтан, олардың ұйықтау уақыты 22 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Бұған ата-аналар қорқа қарағанымен, бұл алаңдайтын жайт емес. Бір айдан соң сәби қатая, өзін сергек сезіне бастайды. Іштің желденуі, аз ұйықтау, ширақ сезіну де осы кезеңге тән. Ұйықтап жатқан нәрестеге де қорек керегін ескерсек, бұл кезеңде тамақтандыруды сәбидің талабына сай емес, дәрігер тағайындаған уақытта беру қажеттігін есте сақтау маңызды.


Сәбиді тек ана сүтімен тамақтандырған дұрыс (ал егер ондай мүмкіндік болмаса, құрғақ сүтті педиатр таңдағаны жөн). Шала туған сәбидің асқорыту мүшесі аса жетілмеуі, ему рефлексі әлсіз болуы мүмкін. Сол себепті нәрестені аз мөлшерде, жиі тамақтандырған дұрыс.

 

Нәрестені қолтық астынан кеудеге қарай икемдесе, сәбидің омырауды дұрыс алуына мүмкіндік беріледі, иығы мен мойнына да ыңғайлы болады. Емізуге арналған жастықта емізу де қолайлы.

Сәби ана омырауын дұрыс ала алуы үшін бас бармақ және сұқ саусақпен сәби жағын, ал ортаң теректі жақ астына қойып, шылдыр шүмек, кішкентай бөбекпен омырауға демеу берген дұрыс.


Салмағы 2500 килограмнан жоғары нәрестелер бір тәулікте бір килограмға 150 мл. сүт ішуі керек. Ал 2500 грамнан аз салмақпен туылған сәби алғашқы күндері 60 мл. ішуі тиіс. Содан кейін сүттің ортақ көлеміне әр килограмға 20 мл.нан тәуліктік дозасы 200 мл.ға жеткенше қосылып отырады.

 


Шала туған сәби салмағы 1000 грамға жетсе, уақыты жетіп туылған нәрестені шомылдырғандай шомылдырады. Бар болғаны су температурасы 37–37,5ºС. болғанын қадағалаған жөн.

Ауа райы -10ºС. төмен болмаса, дәрігер рұқсатымен таза ауаға шығаруға болады.

 

Егер дәрігерлер сәбидің жай-күйіне байланысты тоқтау салмаса, екпені кесте бойынша салдырған дұрыс.