You are currently viewing «Кенгру» әдісі бойынша арнайы жоба (перинаталды орталықтарға «Кенгру» әдісіне қажет креслолар мен майкаларды жеткізу)

«Кенгру» әдісі бойынша арнайы жоба (перинаталды орталықтарға «Кенгру» әдісіне қажет креслолар мен майкаларды жеткізу)

«Кенгру» әдісінің ( немесе «терімен тері» әдісі):
  • ана мен (әке мен) сәби арасындағы байланысты нығайтатындығы;
  • дене жылуын ұстап тұруға септігін тигізетіндігі;
  • тамақтандыруды бастау уақытын жылдамдата, оның жиілігі мен
ұзақтығын арттыра отырып, омыраумен тамақтандыруға ынталандыратындығы;
  • тыныс алуды жоғалту, сәбидің аяқасты өлімі синдромын азайтуға
ықпал ететіндігі;
  • перзентханадан шыққаннан кейін де сәбиге күтім жасауға ата-
аналардың сенімділігін арттыратындығы дәлелденген. «Кенгру» әдісі әлем бойынша қолданысқа ие. Әрбір зерттеуден кейін мамандар бұл әдістің тиімділігін, яғни, сәби өмірін сақтап қалу мен оның өмір сапасын жақсартуда ұтымды әдіс екендігіне көз жеткізіп келеді. Мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелерге күтім жасалатын ауруханалар мен перинаталды орталықтарға арнайы креслолар қою үшін қаражат жинамыз. Көмек алушы – Қазақстандағы перинаталды орталықтары. «Кенгру» әдісін тек ғана сәби анасы емес, сәби әкесі де не болмаса басқа да отбасы мүшелері қолдана алады. Ата-аналар сәбилерімен ең алғашқы сәттен бастап бірге болулары керек!

Leave a Reply