“BEKZAT” шала туған сәбилерге көмек қоры

Шала туған нәрестелер мен олардың ата-аналарының өмір сүру сапасын сақтауға ықпал ету.

Біздің мақсатымыз

Сәбилердің мерзімінен бұрын және шала туылу проблемаларын шешуге қоғам, бизнес, мемлекет күшін біріктіру, сәби денсаулығының төмендеуі мен сәби өлімі қаупін азайту

Мерзімінен бұрын босанудың алдын алу

Шала туған сәбилерге күтім жасау және олардың ата-аналарына қолдау көрсету

Сәбилерге катамнестикалық бақылау және паллиативті көмек

Қор міндеті

➢Мерзімінен бұрын босану қаупі, оны болдырмау жолдары жайлы шынайы ақпараттармен қамтамасыз ету.

➢Жас босанған ананың шала туған сәби ерекшеліктерін түсінуіне,оның проблемаларын саналы түрде қабылдауына, психологиялық тұрғыда бейімделуіне, аз салмақты сәбиге күтім жасау дағдыларын игеруіне жәрдемдасу.

➢Мерзімінен бұрын босану, сәби денсаулығына алаңдау салдарынан

күйзеліске түскен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету.

➢Мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилерден бас тартудың алдыналу шараларын жүзеге асыру.

➢Перзентхана, перинаталды орталық қызметкерлерінің босаңсуына, шаршауына қарсы әрекеттер жасау.

➢Шала туған сәбилерді күту мен оңалтудың кешенді, қарқынды, дер кезінде, көпсалалы амал-тәсілдерінің жүзеге асуына жағдай жасау.

➢ Қор қарауындағы пациенттердің құқықтарын қорғау.

Қор қызметінің қағидалары

✓Жүйелілік: шала туған сәбилер, олардың ата-аналары мен басқа да

отбасы мүшелерін қорғауға бағытталған жүйелі бағдарламаларды қолдаймыз.

✓Ашықтық: біздің қызметіміз айқын, біз қашан да әріптес болуға дайынбыз.

✓Отбасы мен сәби  амандығы: сәби саулығы мен бақытты өмір кепілі.

✓ Перзентханаларда, шала туған сәбилерге күтім жасау бөлімдерінде жұмыс істейтін неонатологтар дәрігерлермен бірлесе жұмыс жасау.

✓ Шала туған сәби ата-аналарынан бастап мемлекеттік органдарға дейінгі сәби күтіміне қатыстылармен бірлесе әрекет ету.

✓ Мақсаттары мен қағидалары  бірдей шала туған сәби ата-аналарымен бірлесе әрекет ету.

✓Қайырымдылық бағытта қаржы жинау, оларды қатаң түрде жарғы мақсатына сай жұмсау.

Сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген бағытта көмек бере аласыз: кез келген жобаны қолдау, мерекеге орай немесе кеңседе қайырымдылық мақсатта қаражат жинауды ұйымдастыру, біздің еріктілер қатарына қосылу немесе корпаративті сектор ұсына алсаңыз, Ассоциация серіктесі бола аласыз.