Пайдалы-әдебиеттер

Біз сіздермен біргеміз сәбилерге арналған арнаулы пакет

Жоба мақсаты: Мерзімінен бұрын босану күтпеген сәтте болатындықтан ата-аналар бұл жағдайға дайын болмайды. Бұл жағдайда ата-ана күйзеліс пен уайымдаудан бөлек дәрі-дәрмек алу, сәбиді оңалту үшін қаржылық шығынға ұшырайды. Осы жоба арқылы сәбиі шала туылған әрбір отбасыға алғашқы кезеңге қажет заттар, пайдалы әдебиеттер, кеңестер, ұсыныстар, сәбиі мерзімінен бұрын дүниеге келген басқа ата-аналардың басынан өткерген жағдайымен бөлісу арқылы көмектесуге тырысамыз.

Жоба қалай іске асады: Ассоциация өкілдерінен, еріктілерден көмек қажеттілігі жайлы ақпарат алғаннан кейін ол ақпараттың шынайылығы, өзектілігі тексеріледі, еріктілер немесе сол қаладағы өкілдер арқылы жөнелту үшін мұқтаж отбасымен байланыс орнатылады. Мұқтаж отбасыларды қосымша шығынға ұшыратпас үшін жеткізу ақысын қор өз мойнына алады.

Пакетке не салынады: алғашқы кезеңге өте қажет заттар, мәселен, екі жаялық (қалың, жұқа), бірреттік төсеніш, ылғал салфетка, бас киім, шұлық, комбинезон не болмаса киім комлектісі. Сонымен қатар топтамаға ата-аналар үшін пайдалы ақпарат беретін полиграфиялық өнімдер де кіреді.

Шала туған сәбилерге күтім жасау бойынша ата-аналарға арналған ақпараттық-көрнекі видеоматериалдар

   

МАҚСАТ:

Шала туған сәбилер проблемасына назар аударту, шала туған сәбилер мен олардың ата-аналарының проблемаларына деген көпшілік көзқарасының өзгеруіне ықпал ету.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК РОЛИКТЕР ЖАСАУДЫ ҚОЛДАЙ АЛАСЫЗ

ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚЫСҚАША АҚПАРАТТЫҚ ҰСЫНЫСТАР

«BEKZAT» ұсыныстар, анимациялық серия 45 секундқа дейін

Ақпараттық оқыту роликтері 8-ден 10 минутқа дейін

Неонатология саласындағы жетекші мамандар мен шала туған сәбилер ата-аналарының ұсыныстары мен әңгімелер стилінде «сюжеттік желі» видеороликтерін жасау.

Шала туған сәби ата-аналарына арналған колл-орталық (телефон желісі / онлайн чат / онлайн білім базасы)

Мерзімінен бұрын босану, сәбидің шала туылуы, оның COVID-19 пандемиясы жағдайындағы салдары сынды жағдайға ұшыраған отбасыға кешенді, ақпараттық-психологиялық көмек көрсету мақсатында колл-орталық құру

  • колл-орталықтың жұмыс уақыты 8.00-22.00
  • Күн сайын
Мамандар:
  • Психологтар
  • Педиатр-неонатологтар
  • Ана сүтімен қоректендіру бойынша кеңес беруші

Қазақстандағы перинаталды орталықтарда ата-аналар мен медқызметкерлер үшін «Кенгру» әдісі бойынша тренинг өткізу

Аз салмақпен (2500 г.төмен) дүниеге келген нәресте күтімі қымбат және медқызметкерден жоғары біліктілікті, техникалық қолдауды талап етеді. «Кенгру» әдісі дәстүрлі аз салмақпен туған сәби күтіміне балама ретінде ұсынылған. «Кенгру» әдісінің басты компоненті ана мен нәрестенің «терісі мен терісінің» жанасуы болып саналады. Мұнан өзге «Кенгру» әдісінің екі маңызды компоненті – тек ана сүтімен қоректендіру және перзентханадан ерте шығаруға талпыну.

«Кенгру» әдісі бойынша арнайы жоба (перинаталды орталықтарға «Кенгру» әдісіне қажет креслолар мен майкаларды жеткізу)

«Кенгру» әдісінің ( немесе «терімен тері» әдісі):
  • ана мен (әке мен) сәби арасындағы байланысты нығайтатындығы;
  • дене жылуын ұстап тұруға септігін тигізетіндігі;
  • тамақтандыруды бастау уақытын жылдамдата, оның жиілігі мен
ұзақтығын арттыра отырып, омыраумен тамақтандыруға ынталандыратындығы;
  • тыныс алуды жоғалту, сәбидің аяқасты өлімі синдромын азайтуға
ықпал ететіндігі;
  • перзентханадан шыққаннан кейін де сәбиге күтім жасауға ата-
аналардың сенімділігін арттыратындығы дәлелденген. «Кенгру» әдісі әлем бойынша қолданысқа ие. Әрбір зерттеуден кейін мамандар бұл әдістің тиімділігін, яғни, сәби өмірін сақтап қалу мен оның өмір сапасын жақсартуда ұтымды әдіс екендігіне көз жеткізіп келеді. Мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелерге күтім жасалатын ауруханалар мен перинаталды орталықтарға арнайы креслолар қою үшін қаражат жинамыз. Көмек алушы – Қазақстандағы перинаталды орталықтары. «Кенгру» әдісін тек ғана сәби анасы емес, сәби әкесі де не болмаса басқа да отбасы мүшелері қолдана алады. Ата-аналар сәбилерімен ең алғашқы сәттен бастап бірге болулары керек!